«ҚазАқпарат» ХАА Бас директоры «Ұлы Жібек Жолының жаңа тарихы» медиафорумының ашылуында сөз сөйледі (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің Бас директоры Дәурен Дияров қонақ ретінде «Ұлы Жібек Жолының жаңа тарихы» медиафорумының ашылу салтанатында бірінші болып сөз сөйледі.
None
None

Ол шараға қатысушыларға (23 елдің шамамен 50 медиақұрылымының өкілдері) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы жалпы пікірсайыста БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру бастамасын көтергенін еске салды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының төмендегідей сөздерін келтірді. ХХІ ғасырда даму орталығы әлемнің ең үлкен континенті - ғаламшар тұрғындарының үштен екісі мекендейтін, ірі ресурстар шоғырланған Азияға қарай ойысады. Азияның дамып келе жатқан экономикаларының қуатты серпіні жаһандық үдерістердің жаңа сипатын танытып отыр.

Осы үдерісті ескере отырып, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасына жаңа серпін беру үшін бұл тарихи мүмкіндікті пайдаланудың маңызы зор.

«Көптеген сарапшылардың бағалауынша, Н.Назарбаевтың бұл бастамасы ұзақмерзімді перспективада жүзеге асырыла алады. Бұған мысал ретінде қазақстандық Көшбасшының 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында көтерген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру бастамасы іске асырылғанын айтуға болады. Бүгінде қазіргі кезеңде Қытай төрағалық ететін АӨСШК құрлық елдері ынтымақтастығының жемісіне айналды», - деді Д.Дияров.

ҚазАқпарат Бас директоры Қытай Азия мемлекеттері ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемнің өркендеуінің негізгі қозғалтқыштарының бірі бола алатын бастаманы көтерді деген ойымен бөлісті. «Бір белдеу, бір жол» жобасын айтып отырмын. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен Индонезияда «Жібек жолының экономикалық белдеуін» және «XXI ғасырдағы теңіз Жібек жолын» бірлесіп құру бастамасын көтергені белгілі. Бүгінде бұл жоба құрлықтың көптеген елдерін біріктіріп отыр. Ұлы Жібек жолын бірлесіп жаңғыртуға ниет еткендерін оның бойындағы елдерде тиісті мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануынан көруге болады», - деп атап өтті ол.

Қазақстанда, - деп жалғастырды Д.Дияров, - бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы, онда көлік-логистикалық және индустриалдық-энергетикалық инфрақұрылымды дамыту қарастырылған. Біздің негізгі міндетіміз Қазақстанды Азиядағы ірі іскерлік, көлік-логистикалық және қаржы хабтарының біріне айналдыру.

«Н. Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қол жеткізген келісімдерге сәйкес, біз «Нұрлы жол» Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастамасының іс жүзінде ұштасуы кезеңіне көштік, - деп атап өтті Д.Дияров.

ҚазАқпарат басшысы қытайлық дипломатияда «Бір белдеу, бір жол» болып табылатын 2015 жыл сәтті өтіп жатқанын айтты. «Біз елдер мен халықтардың қоғамдық қатынастардың барлық салаларында іс жүзінде жақындасуын көріп отырмыз», - деді ол.

Д.Дияров 21 қыркүйекте қытайлық тарап «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің БАҚ ынтымақтастығы форумын өткізгенін еске салды. Онда Қытай Компартиясының орталық басылымы - «Жэньминь жибао» мен «ҚазАқпарат» ХАА арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, «Бір белдеу, бір жол» жобасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу келісіміне қол жеткізілді. ҚазАқпарат «Жэньминь жибао» әріптесі ретінде Қазақстан атынан ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия аймағы атынан барды.

Бірнеше күн бұрын, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы Қытайда болды. Олар Қытай басшылығымен нәтижелі келіссөздер жүргізді.

«Жыл соңына дейін тағы да көптеген саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сипаттағы шаралар өткізіледі деп күтілуде. Бұл кездесулер «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құру жобасын жүзеге асыруға, Ұлы Жібек Жолының жаңғыруына және жалпыға ортақ өркендеуге септесетіні сөзсіз», - деді Д.Дияров.

«Ұлы Жібек Жолының жаңа тарихы» медиафорумына Ауғанстан, Беларусь, Камбоджа, Кипр, Грузия, Венгрия, Үндістан, Индонезия, Жапония, Қырғызстан, Лаос, Малайзия, Моңғолия, Мьянма, Пәкістан, Корея Республикасы, Румыния, Ресей, Шри-Ланка, Судан, Тонга Корольдігі, Вьетнамның БАҚ өкілдері, Қытай Компартиясы ОК халықаралық бөлімінің, ҚХР Даму істері және реформалар бойынша Мемлекеттік комитетінің басшы қызметкерлері, Қытай ғылыми зерттеу орталықтарының қызметкерлері мен бизнесмендер қатысты.

Шара «Жібек жолындағы «Азиялық саяси партиялар» арнайы конференциясы аясында өтіп жатыр. Оған 31 елдің 64 саяси бірлестік өкілдері қатысуда. Конференцияның жоғары лауазымды қонақтары - Кипр президенті, Камбоджа премьер-министрі, Мальдив вице-президенті, Лаос, Грузия, Моңғолия және Бангладештің парламент спикерлері және т.б.

Конференцияның негізгі тақырыбы - «Жібек Жолына жаңа көзқарас. Жалпыға ортақ даму үшін әрекет». Оның аясында үш пікірталас өткізіледі: «Саяси лидерлік: саяси партиялар үшін жаңа консенсус», «Адамдар арасындағы байланыс: өркениеттер арасындағы жаңа диалог» және «Экономикалық интеграция: дамудың жалпы серпіні».

Соңғы жаңалықтар