«ҚазАқпарат» ХАА Бас редакторы Президенттің Алғыс хатымен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Бас редактор Бибинор Танелбаева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін « ҚазАқпарат» ХАА Бас редакторы Танелбаева Бибинор марапатталады», - делінген Мемлекет басшысының Алғыс хатында.

Сондай-ақ Президенттің Алғыс хатымен «ҚазАқпарат» ХАА Қазақ редакциясының шеф-редакторы Бақытжан Ербасов марапатталды.

Атап өтейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті. Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер. Мемлекетшілдік құндылықты дәріптеп, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы болып келесіздер», - деп атап өтті Мемлекет басшысы өз құттықтауында.


Еске сала кетсек, кеше «URKER-2021» Ұлттық сыйлығының марапаттау салтанаты өтті. «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі «Үздік жаңалықтар порталы» номинациясында жеңімпаз атанды.


Соңғы жаңалықтар