«ҚазАқпарат» ХАА ұжымын агенттік ардагерлері құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігін 95 жылдық мерейтойымен ардагерлер Тамара Толикина мен Валентина Есімбекова құттықтады. Олардың бірі ақпарат агенттігінде 33 жыл жұмыс жасаса, екіншісі ғұмырының 25 жылын арнаған.
None
None

«Біздің ҚазАқпарат - көпжылдық тарихы терең, өзіндік дәстүрлері қалыптасқан ақпарат көзі. Бұл - Қазақстанның өткені мен бүгін жалғастырып тұрған жаңалықтар жаршысы. Агенттік журналистері - өз ісінің мамандары. Олар елде болса да, сыртта болса да елде болып жатқан маңызды тарихи саяси құбылыстарды жедел әрі объективті жеткізіп отырады. Ел басынан ұжымдастыру, индустрияландыру, ҰОС, тың игеру, ғарышты бағындыру, ядролық полгонның жабылуы, тәуелсіздік алу, егеменді Қазақстанның қалыптасуы, Мемлекет басшысының бейбіт бастамалары сияқты маңызды оқиғалар өтті. Осының барлығы ҚазАқпаратта жарық көріп келеді», - деді Т.Толикина.

ҚазТАГ - ҚазАқпарат тек кәсіби тұрғыдан ғана емес, өмірлік тұрғыдан да журналистерге үлкен мектеп болды.

Тамара Толикина орыс редакциясының бас шығарушы редакторы қызметін атқарған. Мыңдаған оқырманға жететін хабарламалар сол кісінің қырағы көзінен өтетін.

В.Есимбекова коржелінің меңгерушісі қызметін атқарған. Жалпы редакцияның жұмысын ұйымдастыру сол кісінің міндеті болатын.

«ҚазАқпаратты» күн құрғатпай оқып тұратын қос ардагер ізін басқан журналистерге тек шығармашылық табыс, қажырлы еңбек тіледі.

Соңғы жаңалықтар