«ҚазАқпарат» ХАА Жамбыл облысындағы тілшісі БАҚ арасындағы байқауда жеңімпаз атанды (ФОТО)

Конкурста «Үздік ақпараттық хабарлама» номинациясы бойынша «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Галина Скрипник жеңімпаз деп танылды.
Сондай-ақ, «Үздік очерк» номинациясы бойынша республикалық «Литер» газетінің меншікті тілшісі Ш.Хашимов, «Үздік талдамалық материал» номинациясы бойынша облыстық «Арай» газетінің бөлім меңгерушісі С.Сатылғанов, «Үздік публицистикалық материал» номинациясы бойынша облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Н. Перфильева, «Үздік телерепортаж» номинациясы бойынша облыстық «Қазақстан-Тараз» телешолушысы Д.Дәуренов, «Үздік фото» номинациясы бойынша облыстық «Ақ жол» газетінің фототілшісі А.Рысмахан және облыстық «Арай» газетінің фототілшісі А.Қартабай, «Үздік басылым» номинациясы бойынша облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымы және де облыстық «Знамя труда» газетінің ұжымы марапатталды.
Облыс әкімі аталған номинация жеңімпаздарына қомақты қаржылай сыйлық табыстады.