«ҚазАқпарат» ХАА жамбылдықтардың бірегей бұлақты абаттандыруды қолға алуына түрткі болды (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХХА лентасында Жамбыл облысындағы бірегей Әулие-бастау бұлағы сын көтермейтін жағдайда екендігі туралы ақпарат шыққан болатын.
None
None

Еске салсақ, Тараздан 35 шақырым жерде орналасқан Әулие-бастау («киелі бұлақ») шипалы суы жамбылдықтардың, Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындарының зиярат ету орнына айналған. ҚР денсаулық министрлігі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қорытындысы бойынша бұлақтың емдік қасиеті белгілі емдік-ас сумен тең. Су аса маңызды минералдар мен микроэлементтерге бай, көптеген ауруларға шипа. Бұлақ суы 10 шақырым жердегі бірегей сазды көлге құйылады. Ондағы емдік балшықты жамбылдық клиникалар көптен бері пайдаланып келеді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, судың емдік қасиеті адамға ерекше күш береді. Бұлаққа жақын маңда Әулие ата қабірі орналасқан, ол жер Әулие- бастау деп аталады. Оның жанында VI-X ғғ. «Әулие бастау» қалашығының тарихи ескерткіші орнатылған.

Алайда кейінгі кездері бұлақ аумағына кіреберісте шлагбаум пайда болды. Келушілерден 500 теңгеден ақша алынады. Саязданған бұлақ маңында ағаштар азайып, қоқыс қалдықтарының үйінділері жинақталды. Экологтар мұның бәрі бірегей табиғи нысанға зиян келтіретінін айтуда.

Жамбыл ауданының әкімі Мәдин Мұсаев жарияланымға бірден ден қойып, бұлақ аумағын дереу ретке келтіру барысын өз бақылауына алды. «Өз еркімен кедергі орнатуға жол берілмеуі тиіс, әрине. Айша бибі ауылдық округінің әкіміне бұлақ маңын таза ұстауды бақылау тапсырмасы берілді», - деп мәлімдеді ҚазАқпарат тілшісіне М. Мұсаев.

Аудандық әкімдік инспекторы Айнұр Әбішева хабарлағандай, Жамбыл облысының «Жастар орталығы» бұлақ маңында сенбілік ұйымдастырды. Бұл шара тұрақты негізде өткізілетіні туралы мәлімделді.

Соңғы жаңалықтар