«ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі сайттың қытай тіліндегі нұсқасын таныстырды

АСТАНА-БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Бейжіңмен тікелей бейнебайланыс арқылы «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі сайттың қытай тіліндегі нұсқасын таныстырды.
None
None

Осы орайда ҚХР-мен телекөпір барысында сайттың қытай тіліндегі нұсқасын елордада «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің Бас директоры Дәурен Дияров пен Қазақстандағы Қытайдың Төтенше және Өкілетті елшісі Лэ Юйчэн іске қосты.

«Бүгін біз қытайлық нұсқаны ашып отырмыз. Сонымен қатар испан және араб тілдеріндегі нұсқаларды да ашу жоспарланып отыр. Сайттың бүгін іске қосылған жаңа нұсқасы екі ел арасындағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз. Бұдан бұрын біз ҚХР-дың «Синьхуа» және «Женьминьван» секілді ірі ақпараттық агенттіктерімен әріптестік байланыстарды орнаттық», - деді агенттік басшысы Дәурен Кеңесұлы.

Өз кезегінде осы атаулы күнге байланысты Қытайдағы Қазақстан Елшісі Нұрлан Ермекбаев «ҚазАқпарат» ұжымына құттықтауын айта келе, «бүгінде Қытайда интернет пайдаланушылар саны 600 миллионнан асады. Сондықтан агенттіктің қытай тіліндегі оқырмандары «ҚазАқпараттың» ресурстарын кеңінен пайдаланады деп сеніммен айта аламын», - деді.

Мұнымен қоса, Қытай Елшісі Лэ Юйчэн «ҚазАқпарат» қытайша нұсқасын ашып отырған тұңғыш қазақстандық бұқаралық ақпарат құралы екенін, ақпарат ағынында айрықша бағаланатын БАҚ ретінде танылғанын атап өтті. «Екі елдің қарым-қатынастары күн сайын қарқынды дамып келеді. Осы орайда көптеген қытайлықтар Қазақстанды кеңінен танып, білгісі келеді. Менің ойымша, сайттың қытайша нұсқасында қытай оқырмандарын тек Қазақстанның жаңалықтарын, сондай-ақ қазақтың тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен, даму жетістіктерімен, бизнес туралы ақпараттармен және басқа да жаңалықтармен таныстыруға болатын сияқты. «ҚазАқпарат» ақпарат айдынында өзінің халықаралық ақпарат агенттігі мәртебесін бекітті. Сондықтан да бұл нұсқаның ашылуымен қытай жұрты үшін Қазақстанды танитын «терезе» ашылады», - деп түйді ҚХР Елшісі.

Соңғы жаңалықтар