«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі «100 сұрақ - 100 жауап» интернет-викторинасын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 наурыздан «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі (www.inform.kz) «100 сұрақ - 100 жауап» атты интернет-викторинаны өткізеді.
None
None

Атап айтқанда, интернет-викторина Қазақстан халқы үшін қазақ және орыс тілді нұсқаларында, сондай-ақ ҚХР тұрғындарына арналып қытайлық нұсқада ұйымдастырылады. Осы сұрақ-жауап сайысы барысында Қазақстан жайында және Қытай туралы 100 сұрақтан қойылады.

Биылғы 17 наурыз бен 18 сәуір аралығында өтетін бұл шараның жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар 21 сәуірде тапсырылады. Тәулігіне үш сұрақтан қойылып отырады, яғни олар Астана мен Бейжің уақыттары бойынша сағат 11.00, 15.00, 19.00 кезінде орналастырылады. Интернет-викторинаға қатысуға ниеттілер www.inform.kz сайтында 17 наурызда тіркеуден өтіп, бір ай бойы барлық сұрақтарға жауап қайтаруы тиіс. Сұрақ-жауап сайысын өткізудің толық ережесі жақын арада «ҚазАқпарат» сайтында орналастырылады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Бейжіңмен тікелей бейнебайланыс арқылы «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі сайттың қытай тіліндегі нұсқасын таныстырды. Осының аясында агенттік оқырмандары үшін бұл сайысты ұйымдастыру жайында шешімге келді.

Соңғы жаңалықтар