«ҚазАқпарат» мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге үлес қосушы үздік сайт ретінде танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырған бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы «Тіл тұғыры-2016» байқауының қорытындысы жарияланды.
None
None

Нәтижесінде Халықаралық «ҚазАқпарат» агенттігі мемлекеттік тілде ақпарат берумен бірге, шет елдердегі қандастарымызға арнап латын және төте жазу қарпімен жаңалықтар таратып, сол арқылы қазақ тілінің өзге мемлекеттерде қанат жаюына ықпал еткені үшін «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосушы үздік БАҚ» аталымы бойынша марапатталды.

 Аталған номинация бойынша: «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «24.kz» телеарнасы,  «Қазақ радиосы», «Ана тілі» газеті марапатталды. Сонымен бірге «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосушы үздік бағдарлама» аталымы бойынша: Астана телеарнасының «Біздің уақыт» бағдарламасы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасы, Астана радиосының «Бірлік» бағдарламасы. Егемен Қазақстан газетінде жарияланған «Тіл-ұлт тұтастығының тұғыры» мақаласы және «Ult.kz» сайтының мақаласы марапатталды. Ал, Мұхаммедәлі Болатұлы, Владислав Цой,  Шолпан Ақбалаева, Айымгүл Әбілова сынды тілшілер «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосушы үздік журналист» ретінде марапатталды.

null  

                                                                                                                                                                                  Ризабек Нүсіпбек

Соңғы жаңалықтар