«ҚазАқпарат» спорт сайтын іске қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін тұсауы кесілген «ҚазАқпараттың» Sport.inform.kz сайтында отандық және әлемдік спорт жаңалықтарынан бөлек эксклюзивті сұхбаттар, талдау материалдары, арнайы репортаждар беріледі. Сондай-ақ, онлайн режимде сан алуан спорт оқиғалары жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаровтың айтуынша, аталған жобаға компания бюджетінен ақша жұмсалған жоқ. Барлығы - спорт сүйер демеушілердің қолдауымен іске асқан.
null 
null 

«Бұл идеяны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бірден қолдады. Себебі бүгінде спортты бәрі оқиды, бәрі көреді. Жаңа портал мемлекеттік брендпен шықса да, компания бюджетінен қаржы жұмсалмады. Оған қоса, бұл бастама Мемлекет басшысының руxани жаңғыруға қатысты мақсат-міндеттерімен де ұштасып отыр. Спортты сүйетін бизнесмендер sport.inform.kz-ды ашуға атсалысып жатыр. Бәрі демеушілердің қаржысына жасалды. Бұның өзі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін, жанашыр азаматтардың спорт контентін дамытуға деген құлшынысын көрсетсе керек», - дейді Асқар Қуанышұлы сайттың тұсаукесерінде.

Компания басшысының айтуынша, бүгінде отандық спорт арқылы Қазақстанды кеңінен танытуға болады.

«Шыны керек, қазір кез келген елге барып, GGG туралы сұрасаң, бірден Қазақстанды еске алады. Еуропада «Астана» велокомандасын жақсы біледі. Жалпы, қазақстандық спорт - бұл біздің тағы бір имиджіміз. Әзірше, жаңадан ашылған спорт сайты орыс  және қазақ тілдерінде ақпарат таратады. Болашақта «ҚазАқпарат» сияқты сайттың ағылшын және қытай нұсқаларын іске қосу жоспарланған. Біз отандық спортты жан-жақты насиxаттауды көздейміз», - деп атап көрсетті агенттік басшысы.
null 

Жаңа спорт сайтының басқарушы директоры - Марлен Бейсенбаев, ал Айдын Қожаxметов шеф-редактор қызметін атқарады.

«Біз аудиторияның сұранысын жан-жақты зерделейміз. Оқырмандардың ақыл-кеңестерін де ескереміз. Иә, бүгінде спорт жаңалықтары саласында мықты сайттар көп. Біз де олардың қатарына қосылуға тырысамыз», - дейді Марлен Бейсенбаев.

Жаңа сайттың тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Денешынықтыру мен спорт істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов та қатысып, сайттың мазмұнына қатысты министрліктің ұсынысын жеткізді.

«Біз жаңа порталдың ашылуына шын жүректен қуаныштымыз. Себебі жаңа спорт сайты ашылса, ол еліміздегі спорттың дамып жатқанын көрсетсе керек. Бір ұсынысымыз бар, ауыл спортын жан-жақты көрсетейік, бұқаралық спортты жан-жақты насиxаттайық. Себебі бүгінде жергілікті жерлерде жақсы бастамалар қолға алынып жатыр, спорт кешендері мен алаңдар көптеп салынуда. Ауыл спортына көңіл бөлуіміз керек. Себебі чемпиондардың басым бөлігі ауылдан шығады», - деді Елсияр Қанағатов.


null 

null


 null null

Соңғы жаңалықтар
Референдум