ҚазАқпарат тілшісі республикалық байқауда жүлдегер болды

Еліміздегі коронавирус ахуалына байланысты марапаттау шарасы онлайн режимде өтті.
Сонымен байқаудың бас жүлдесі «Ана тілі» газетінен Дәуіржан Төлебаевқа бұйырды. Ал «Үздік мақала» аталымында 1-орын - «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Орынбек Пазыловқа, 2-орын - «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Гүлзина Бектасоваға, 3-орын - «Ана тілі» газетінің тілшісі Қарагөз Сімәділге бұйырды.
«Үздік сайт мақаласы» аталымында «Аладоп.кз» сайтынан Ермұхамед Мәулен 1-орын алса, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Аян Өрібай мен «Elorda Aqparat» тілшісі Аян Әбдуәли 2 және 3-орындарды бөлісті.
«Үздік радиобағдарлама» аталымында 1-орын «Шалқар» радиосынан Гүлнұр Омарханқызына берілді. Ал екінші орынға «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС-інен Айнұр Шамшейітова, үшінші орынға «Шалқар» радиосынан Нұрмат Мансұр табан тіреді.
Бас жүлде иегеріне 1 млн, ал қалған аталымдардың 1-орнына - 500 мың, 2-орынға - 350 мың, 3-орынға - 150 мың теңгеден ақшалай сыйақы берілді.
Айта кетерлігі, бұл байқауда еліміздің түкпір-түкпіріндегі 56 журналистің 2019 жылғы 11 маусым мен 2020 жылғы 3 маусым аралығында жарияланған 116 материалы талқыға түсті.