18:10, 14 Тамыз 2020 | GMT +5
ҚазАқпаратты 100 жылдық мерейтойымен Беларусь агенттігі құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусь телеграф агенттігінің бас директоры Ирина Акулович ҚазАқпарат ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«100 жыл дегеніміз - тәжірибе, дәстүр, білім, ұжым. Біз «ҚазАқпараттың» өз елінің жаңалық жаршысы болып қызметін жалғастыра беретініне сенемін және Сіздерге жақсылық, қуаныш, денсаулық тілейміз. Жүз жылдық құтты болсын, ҚазАқпарат!», делінген құттықтау мәтінінде.