Қазақша «Көліктер - 3» отандық прокатқа шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «МакКуиннің» шытырман оқиғалары қазақша жалғасатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматыда Алматы қаласында «Esentai Mall» орталығындағы Kinopark 11-де «Тачки 3»/«Көліктер 3» мультфильмінің қазақ тіліндегі алдын ала жабық көрсетілімі өтті.

Жаңа мультфильм 15 маусымда еліміздің кинотеатрларында прокатқа шығады.

Айта кету керек, «Тачки 3»/«Көліктер 3» анимациялық блокбастер - қазақ тіліне дубляж жасалған 20-шы кинокартина. Оның алдында 2011 жылы мультфильмнің екінші бөлімі дубляждалған болатын.

Әлемге әйгілі найзағай МакКуин енді Джексон Дауылға айналды.

«Бұл жоба қазақстандықтарға әлемдік Disney, Sony, Marvell , Lucas студияларының сапалы өнімдерін тамашалауға мүмкіндік береді. Фильмдерді біз «Меломан» және Disney компанияларымен біріге отырып таңдаймыз. Уақыт өте бұл өзін-өзі ақтайтын жобалар. Қазақ тіліндегі мультфильмдер - балаларға қазақ тілін үйренудің тиімді құралы. Сондай-ақ, біздің жобамыз мемлекеттік тілді дамыту туралы бағдарламаның мақсатымен сәйкеседі», - деді «Болашақ» корпоративті қорының директоры Динара Шайжүнісова.

Қазақ тіліндегі дубляжының режиссері Айжан Жамшитова болды. Бас кейіпкерлердің даусын Нышанбек Жұбанаев (Найзағай МакКуин), Азамат Қанапия (Мэтр), Сая Тоқманғалиева (Круз Рамирез), Сырым Қашқабаев (Джэксон Шторм), Нартай Сауданбекұлы (Смоки Мо)  және Маржан Арапбаева мен Нұркен Өтеулов келтірді.

2011 жылдан бері 20 кинокартина қазақ тіліне аударылды. Осы уақыт аралығында 150 техникалық және шығармашылық маман, оның ішінде 4 режиссер, 158 актер, 11  музыкалық жетекші, аудармашылар Disney студиясының стандартына сай жұмыс істеп  үйренді. 

Ең алғашқы болып Уил Смиттің «Қара киімділер-3» фильмінің жұлдыздары, Джонни Дептің «Жалғыз рейнджері», А.Джолидің «Малефисентасы» қазақша сөйледі.

Көбіне балаларға арналған әлемдік шедеврлер  «Көліктер», «Батыл жүрек», «Моана», «Күлбике», «Монстрлар университеті», «Алиса», «Джунгли кітабы», «Малефисента», «Өрмекші-адам» қазақша дубляждалды.

Динара Шайжүнісованың айтуынша, жобаның арқасында Голливуд жұлдыздары Джонни Дептің (Берік Айтжанов), Анджелина Джолидің (Гүлназ Әуесбай), Уил Смиттің (Азамат Қанапия) дауыстарын дыбыстауға 6 жылға эксклюзивті құқығы.

Сондай-ақ, Disney компаниясының дауыс базасында қазақстандық 100 актердің даусы сақтаулы.

2017 жылдан бері Disney студиясында дыбысталып келе жатқан қазақ тілді фильмдерде Apple TV Itunes Movies ресми қосымшасының видеохостингінде жазылған қазақ тілінде дыбыстық қосымша қойылған.

«Жоғары технологиялық дубляждың арқасында орташа құны 250 млн доллар болатын әлемдік блокбастерлер ұлттық өнімімізге айналды. Қазақ тілі 2 түрік тілі, Sony Picturesтің 7-тілі, Walt Disneyдің 39-тіліне айналды. Сондай-ақ, DVD, Blu-Ray форматтарында көрсетілетін Голливуд фильмдерінің 7-тіліне айналды», - деді Д.Шайжүнісова.

Соңғы жаңалықтар