Қазақша күрестен ел чемпионатында қызылордалықтар 2 алтын, 1 күміске қол жеткізді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында қазақша күрестен 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық жас палуандар 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль олжалады, деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Қыздар арасында жекелей сында 57 келіде Мереке Сламбекова (Қармақшы ауд.) мен 70 келіде Әлиса Нұртас (Жалағаш ауд., Мәдениет ауылы) ел чемпионы атанды.

52 келіде Ұлбосын Мүсілім күміс жүлдеге ие болса, 40 келіде Фариза Қайырбек, 44 келіде Малика Алпысбай (үшеуі де Қызылорда қ.)мен Диана Ғайбулла (Жаңақорған¬ ауд., Түгіскен ауылы), 63 келіде Мөлдір Қойбағар (Қызылорда қ.), ұлдар арасында 64 келіде Ринат Елеулі(Қызылорда қ.) че-мпионаттың қола жүлдесін еншіледі.

Соңғы жаңалықтар