Қазақстан 1 мыңнан астам ядролық оқтұмсықтан бас тартты - Қ.Тоқаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 1 мыңнан астам ядролық оқтұмсықтан бас тартты. Бұл туралы бүгін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өтіп жатқан «БҰҰ және ЮНЕСКО: Жасампаздықтың 70 жылдығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
None
None

«Қазақстан әлемдік қоғамдастықта ядролық қаруды таратпауда көшбасшы ретінде қарастырылып отыр. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының еңбегі ерен. Ғаламшарда қуаты жағынан зымыранды-ядролық төртінші әлеуетке ие бола тұра, яғни біздегі 1 216 ядролық оқтұмсықпен Ұлыбритания, Франция және Қытай елдерін қосқанда біздің арсенал артық болатын. Қазақстан осындай мәртебеден бас тартып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды», - деді Сенат Төрағасы. Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен ұсынылған «Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн» атты қарарды мақұлдады. Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудегі маңызды құралдардың бірі екендігін ескере отырып, қарар тамыздың 29-ын Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады.

Соңғы жаңалықтар