Қазақстан 1 трлн теңгеге жуық активті қайтарып алды – Премьер-Министр

Қазақстан 1 трлн теңгеге жуық активті қайтарды. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Алихан Смаилов
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Активтерді қайтару жұмысы қабылданған заңға сәйкес қатаң іске асады. Бұл қадамдар Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан реформа аясында жалғасып жатыр. Активтерді қайтарудың екі жолы бар - ерікті және мәжбүрлі. Мәжбүрлі қайтару сот шешіміне сәйкес жүргізіледі. Осы заңның қолданылуы аясына қамтылатын адамдарға тоқталса, бұл кісілер - әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, активтерді заңсыз иемденгендер», - деді Ә. Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда қазір қанша қаражат қайтарылғанын нақтыланды.

«Қазір 1 триллион теңгеге тарта актив қайтарылды, оның 600 миллионға жуығы шетелден алынған», - деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар