Қазақстан 20 жылдық тарихында халықаралық аренада үлкен жетістіктерге қол жеткізді - О.Мұхамеджанов

ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан өзінің 20 жылдың тарихында бейбітшілік пен қауіпсіздікті, конфессияаралық, ұлтаралық, ядролық қарусіз әлемді қолдай отырып,
None
None

халықаралық аренада үлкен жетістіктерге қол жеткізді»,-деді Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайы Тұрақты комитетінің төрағасы У Банго мырзамен кездесуі барысында.

2010 жылы Қазақстан ТМД көлемінде алғашқылардың бірі болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқарды. Осы басшылық барысында халықаралық ұйымның барлық салалары бойынша қызметіне тың серпін берді. «Соңғы 11 жылда алғаш рет біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммитін шақыра алдық. Онда Астана декларациясын қабылданып, аталмыш құжат халықаралық ұйымның жалпыға бірдей, бөлінбейтін қауіпсіздікті қалыптастыру бағытындағы қызметіне қозғау салды. Биыл Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына басшылық етпек. Бұл ретте біз ұйымның күшін халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке жұмылдырып, Ислам әлемі мен Батыстың арасында диалог орнатуға күш саламыз. Сондай-ақ біз исламофобияға қарсы күресіп, жаппай қырып-жою қаруларын жоюға үндейміз»,-деді Мәжіліс спикері.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайы Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангоның Қазақстанға алғашқы ресми сапары.

Соңғы жаңалықтар