Қазақстан 2011 жылдан бастап парниктік газдардың квотасын сататын Чикаго биржасына шығуды жоспарлап отыр

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш құжатқа қол қойылатын болса онда қазақстандық кәсіпорындар парниктік газдарды сататын үлкен халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік алады. Е. Сәдуақасова министрлік сонымен қатар, осы бағытта жұмыс істеп жатқан басқа да нарықтармен, атап айтқанда Жапониядағы, Кореядағы биржалармен осындай келісімдерді бекіту мәселесін пысықтап жатқанын атап көрсетті. «Австралия мен Жаңа Зеландия біздерге нарықтарын ашты. Алайда, істі бастайтын уақыт кейінге шегеріліп қойды. Біз олармен сәл кейінірек жұмыс істейтін боламыз», деді ол.
Е. Сәдуақасова Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Киото хаттамасын жүзеге асыру механизмі аясында 2011 жылдан бастап республикамыздың аумағында СО2 шығарындыларының квотасын сату бойынша өзінің жеке көміртектік рыногын құруға дайын екенін атап көрсетті. «Біз келесі жылы Қазақстан Республикасының ерікті көміртекті нарығын құратын боламыз. Сөйтіп парниктік газдардың шығарындыларына рұқсат алу үшін еліміздегі кәсіпорындарға жағдай жасаймыз», деді ол. «Сонымен қатар екі жақты негізде біз басқа да елдермен келісімдерді бекітуді бастаймыз және бұндай халықаралық келісімдердің аясында біз өзіміздің көміртекті бірліктерімізді бере алатын, оны өз елімізден көшіре алатын және басқа елге жаза алатын боламыз», деді вице-министр.