Қазақстан 2012 жылы бюджеттік ашықтық индексінің көрсеткіштерін жақсартты

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан соңғы 2 жыл ішінде өз бюджетіне қатысты ақпаратқа азаматтарының қолжетімділігін жақсартты. Бұл туралы Сандж зерттеу орталығының директоры Жанар Жандосова мәлім етті.
None
None

Тәуелсіз сарапшылармен жүргізілген бюджеттің ашықтық индексін зерттеу бойынша, Қазақстан 2010 жылы 100 ұпайдың ішінен 38 ұпай жинаса, 2012 жылы 48-ге дейін жоғарылата алған. Ең жоғары бағаларды Жаңа Зеландтя, Ұлыбритания, Швеция, Франция және Норвегия алса, өз азаматтарына шектеулі ақпарат ұсынатын мемлекет топтарына Қырғызстан мен Тәжікстан кірген.

Сандж зерттеу орталығы жариялаған есепте хабарланғанындай, индекстің жақсаруына Қаржы министрлігінің қоғаммен бірлесе отырып, азаматтық бюджетті көпшілік алдында жариялауы оң әсер еткен.
«Қалған сауалдар бойынша, Қазақстан 8 негізгі құжатқа негізделген бюджет есебінің барлық жарияланымдарын қажетті деңгейде ұсынып отырған жоқ. Бұл - жылдық, жартыжылдық, аудиторлық және тағы басқа есептер. Бюджеттік есептер бар, уақытылы шығып та тұрады, дегенмен оның мазмұны сын көтермейді, ақпараттар жүйелі топтастырылмаған», - деп атап көрсетті Ж. Жандосова.

Қазақстанның көрсеткішіне жергілікті әкімдіктер мен мәслихаттың бюджеттік ақпараттарды таратудағы енжарлығы кері әсерін тигізген. Қазақстан ұлттық бюджеттік жүйесінің мүшесі Шолпан Әйтенованың айтуынша, ОҚО, Атырау, БҚО, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері жергілікті деңгейде бюджет ашықтығын қамтамасыз ете алмай отыр.

«Сайттарында бюджет жөніндегі мағлұматтарды ШҚО, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары және Астана қаласы белсенді түрде ұсынып отырады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстарында мәслихат сессияларының шешімдерін жариялап тұратын сайттары жоқ», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар