Қазақстан 2015 жылға қарай тау-кен металлургия саласындағы экспортты 2 есеге арттыруды көздейді

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - 2015 жылға қарай Қазақстан тау-кен металлургия өнімдерінің экспортын екі есеге арттыруды көздейді.

 Бүгін Астанада өтіп жатқан 3-ші Тау-кен металлургия конгресі барысында ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов осылай мәлім етті.

Вице-Премьердің айтуынша, Қазақстанның тау-кен метталлургиясын дамыту Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы басымдық берілген бағыттың бірі болып табылады. «Бұндағы басты міндеттердің бірі - қолда бар минералды шикізаттық әлеуетті тиімді пайдалану, өндіріске инновациялық технологияны енгізу, алдыңғы қатарлы технологиялар трансферті. Бұл ретте базалық көрсеткіштерді 2015 жылға қарай жалпы қосылған құнды 107 пайызға арттыру, саланың экспорт әлеуетін екі есеге арттыру болып табылады. Сөйтіп, осы сала алдына айтарлықтай салмақты міндеттер жүктеліп отыр. Мен бүгінгідей кадрлық әлеуетпен, минералдық шикізаттық базаның арқасында әлгіндей міндетті орындай аламыз деп сенемін», - деді Серік Ахметов.

Еске сала кетсек, тау-кен метталлургия индустриясы мұнайгаз секторымен бірдей ел экономикасының маңызды саласының бірі болып табылады. Жалпы ішкі өнімдегі тау-кен метталлургия үлесі 19 пайызды, ал елдің жалпы экспорты саласында 20 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар