Қазақстан 2025 жылы 78,7 млн тонна мұнай экспорттаған

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Қазақстан мұнай экспорттау жоспарын 11,6% артық орындаған. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде баяндады.

порт Актау нефть
Фото: ҚазМұнайГаз

— Қазақстанда мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа жеткізудің әртараптандырылған тасымалдау жүйесі бар. Алдымен ішкі нарық қажеттілігі қамтамасыз етіледі. Өндірілген мұнайдың шамамен 80%-ы экспортқа бағытталады. 2025 жылы мұнай экспорты 78,7 млн тонна болып, жоспармен салыстырғанда 11,6%-ға артты. Бұл Теңіз кен орнындағы кеңейту жобаларының іске қосылуына байланысты, — деді министр. 

Ведомство басшысы экспорттың негізгі өсімі КТК бағыты бойынша (64,8 млн тонна) тасымалданғанын атап өтті.

— Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 18%-ға жоғары. Баку–Тбилиси–Джейхан бағыты арқылы жылына 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданып жатыр. Әзербайжан тарапы көлемді 2,2 млн тоннаға дейін арттыруға дайын екенін білдірді, — деді ол.

Бұған дейін, министр Ерлан Ақкенженов Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобалық құжаттарын әзірлеу басталғанын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум