Қазақстан 2025 жылға қарай экспорт көлемін 50 млрд доллардан асырады
«Осы жылғы 1-ші жартыжылдықта төлем балансының ағымдағы шотының профициті тікелей инвесторларға төленетін кірістердің төмендеуі 3,5 есеге және жыл басындағы мұнайдың салыстырмалы түрде жоғары бағасы мен жеткізілімдері есебінен тіркелді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирус індеті салдарынан төлемге қабілетті сұраныстың төмендеуі және инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынының баяулауы аясында 2020 жылы тауарлар импортының 13,1 пайызға қысқару болжамына қарамастан төлем балансының ағымдағы шотының тапшылығы күтіледі», - деді ол.
Оның айтуынша, ағымдағы шоттың тапшылығы 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда мұнай бағасының жалпы төмендеуіне және мұнай өндіруді қысқарту бойынша OPEC+ мәмілесінің талаптарын сақтауға, сондай-ақ 2020 жылғы екінші жартыжылдықта тікелей инвесторларға төленетін кірістерді біртіндеп қалпына келтіруге байланысты тауарлар экспортының қысқаруы аясында қалыптасады.
«Бұдан кейінгі импорттың болжамды серпіні импортты алмастырудың белсенді саясатын іске асырумен негізделген. Бұл ретте, 2021 жылы кейінге қалдырылған сұраныс пен 2020 жылы тоқтатып қойғаннан кейін инвестициялық жобаларды іске асыруды жылдамдату салдарынан импортты қалпына келтіру және оның 8,1 пайызға өсуі күтіледі. Тауарлар экспортының болжамы шикізаттық емес тауарлар экспортының ұлғаюына ықпал етуі ықтимал. Бұл 2025 жылға қарай экспорттың 50 млрд АҚШ долларынан жоғары деңгейге дейін кезең-кезеңімен өсуіне алып келеді. Ұлттық банк Үкіметтің өңдеуші өнеркәсіп экспортын 2025 жылға қарай 42 пайызға ұлғайту жөніндегі жоспарларын қолдайды», - деді Ерболат Досаев.