Қазақстан 2028 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан 2028 жылы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді. Халықаралық хоккей федерациясы сайтында екі қала көрсетілген – Астана және Алматы, деп хабарлады Shaiba.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2021 жылдан бері жыл сайын элиталық дивизионда өнер көрсетіп келеді.

Алдағы уақытта Чехияда өтетін турнирде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Польша, Швеция, Словакия, Латвия және Франциямен топтық кезеңдегі кездесулерін өткізеді.

2025 жылы әлем чемпионаты — Швеция мен Данияда, 2026 жылы — Швейцарияда, 2027 жылы — Германияда өтеді.

Соңғы жаңалықтар