13:22, 04 Маусым 2013 | GMT +5
Қазақстан 2030 жылға қарай химия өнеркәсібінің басымдықты 36 өнімін толығымен шығара бастайды
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан 2030 жылға қарай химия өнеркәсібінің басымдықты 36 өнімін толығымен шығара бастайды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.
Химия өнеркәсібі саласында жүйелі жұмыстардың жүргізілгендігін баса айтқан ол: «Нақты нәтижелер 2020 жылдан кейін, негізгі жобалар іске қосылғанда сезілетін болады. Жаңа өнімдер шығарудағы әлемдік тәжірибе жобаны құрылымдауға, салуға және тұрақты жұмыс істеуге қосуға 7-8 жыл қажет екендігін көрсетіп отыр. Біз 2030 жылға қарай Қазақстан барлық 36 басымдықты өнімді шығаруды игереді деп жоспарлап отырмыз», - деді.