«Қазақстан-2050» Стратегиясын қолдау мақсатында Донор күні өтеді

«Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатын көздеп, облыс көлемінде Донор күні акциясын ұйымдастырады. Бұл туралы партия филиалының баспасөз қызметінен хабарланды.
Донор күні акциясын Талдықорған қаласындағы №6, 7, 9 орта мектептері мен №2, 7, 10 және «Қарлығаш» бала бақшаларының ұжымдары негізінде өткізу жоспарланған. Аталмыш ұйымдардың еріктілері «Тіл сарайы» ғимаратында қан тапсыру шарасына қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қажеттілік Алматы облысы аймағындағы ауруханалардың науқастарын қан компоненттерімен қамтамасыз етуші жалғыз мекеме - Талдықорған қаласындағы облыстық қан орталығының өтініші негізінде, қан және оның компоненттерінің жетіспеушілігіне байланысты туындап отыр. Қан өткізу акциясы 23-31 қаңтар аралығында өтеді.