«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы «ЭКО пакет» жобасын жүзеге асырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының «ЭКО пакет» жобасын таныстыруға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға ҚР Энергетика министрлігінің, қала әкімдігінің, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ның өкілдері мен әлеуметтік жауапты ритейлер қатысты.
None
None

«Эко пакет» жасау идеясы халық арасында елорданы «ұшатын пакеттер қаласы» деп атап кетуінен кейін туындаған еді. Бұған қоса, 2017 жылы елордамызда ЭКСПО көрмесі өтетіні белгілі. Сол себепті біз пакеттерге қатысты туындап отырған мәселені шешуге өз үлесімізді қосқымыз келді», - деді жобаның авторы әрі үйлестірушісі Юрий Макубаев.

Оның сөзіне қарағанда орта есеппен алғанда Қазақстанның әрбір азаматы жылына 300 пакет қолданады. Ал сол азаматтар мұндай пластик пакеттерді пйдаланудан бас тартатын болса, онда олардың әрқайсысы жылына 50 литр мұнайдың үнемделуіне өз үлестерін қоса алар еді. Жалпы, әлемде өндірілетін мұнайдың шамамен 4 пайызы осы пакеттерді жасауға жұмсалады.

«Біз өз жобамызда әрбір қазақстандық үшін аталған мәселені шешудің 5 жолын ұсынамыз. Сондай-ақ, Үкіметке, бизнес құррылымдар мен супермаркет желілеріне де арналған тағы 5 ұсынысымыз бар», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі шараны өткізудегі басты мақсат - пластик пакеттерге қатысты орын алып отырған мәселеге жұртшылық назарын аудару, оны шешу жолында интеллектуалдық ресурстардың күшін біріктіру.

Соңғы жаңалықтар