Қазақстан 3×3 баскетболдан U23 әлем кубогінде өнер көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ерлер құрамасы 3×3 баскетболдан Қытайдың Ухань қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы FIBA әлем кубогінде бақ сынайды.

Қазақстан 3×3 баскетболдан U23 әлем кубогында өнер көрсетеді
Фото: ҚР ҰОК

Жарыс 15-19 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасы А тобында Германия, Нидерланд, Сербия және Тонга командаларымен кездеседі.

Қазақстан сапында Жәңгір Дүйсенов, Роман Байболов, Илья Пестов, Айболат Омаров және Азамат Жәнібеков өнер көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде (Әзірбайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялаған еді.