Қазақстан 400 млн долларға жуық сүт өнімін шетелден тасыған

«Расында да, сүт өнеркәсібінің бірнеше қыры бар. Бізде сүт өзендері ағып жатыр деуге әлі ерте. Біріншіден, бізде статистика бойынша объективті деректер жоқ. Статистика бойынша біз 6 миллион литрге жуық сүт өндіріп, оның 2 млн литрін ғана өңдейміз. Яғни, барлығы жеке қосалқы шаруашылықтарда деп жазылады. Шындығында, бұл сүт жоқ, ешкімді алдаудың қажеті жоқ. Бұл бизнес үшін де, Үкімет үшін де жалған сигнал. Биыл да өткен жылдардағы сәтсіз тәжірибені қайталадық», - деді Ербол Есенеев Jibek Joly телеарнасының эфирінде.
Оның мәліметінше, Қазақстан 400 млн долларға жуық сүт өнімін шетелден тасыған.
«Шикі сүт, айранды өз сүтімізден жасаймыз. Бірақ, балалар тағамы, ірімшіктер, сүзбе – бәрі шетелден келеді. Мұнда, әрине, мемлекеттік саясат мәселесі бар, өйткені бұл саланы жеткілікті қолдап отырған жоқпыз. Сүт саласына келсек, біз Ресеймен салыстырғанда екі есе аз, Беларусьпен салыстырғанда төрт есе аз қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті спикер.
Бұған дейін Ербол Есенеев азық-түліктің қымбаттауына жол бермеу мақсатында қандай шаралар қабылдау керегін айтқан еді.