Қазақстан адами капиталды дамыту индексі рейтингінде 37-ші орында

«Адами капиталды дамыту индексі білім беру жүйесінің нәтижелігін, еңбек және жұмыспен қамтуды бағалау жолымен 124 елдегі адами капиталдың дамуы тиімділігін өлшейді. Қазақстан білім беру тұрғысынан жақсы нәтиже көрсетті: жастардың сауаттылық деңгейі бойынша - 33, бастауыш біліммен қамту бойынша - 15 орында. Сонымен қатар, Қазақстанда 2 жыл ішінде бастауыш мектеп сапасы (+ 3 позицияда), білім беру жүйесінің сапасы (+9 позицияда) бойынша қарқынды алға жылжу бар», - делінген ҚР БҒМ мәліметінде.
Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Португалия (38 орын), Греция (40), Испания (41), Чили (45), Мексика (58), Түркия (68) және де Малайзия (52) елдерінің алдына шықты, ал БРИКС елдерінен: Қытай (64), Бразилия (78), ОАР (92), Үндістаннан (100) озды. Адами капиталды дамыту индексінде Қазақстан екінші рет қатысуда.