Қазақстан академиялық ескек есуден әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды
АСТАНА.KAZINFORM – Швейцарияның Люцерн қаласында академиялық ескек есуден әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.
Қазақстандықтар Екатерина Носкова және Мария Чернец жеңіл салмақта әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында қола жүлдеге ие болды. Отандастарымыз 07:21.91 уақыт көрсеткішін тіркеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, Жапония құрамасы алтыннан алқа тақты - 07:14.74. Екінші орынды Перу құрамасы иеленді - 07:18.51.
Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 28 маусымда аяқталады.
Футболдан әлем чемпионатында плей-офф сатысына кімдер шыққанын жазған болатынбыз.
Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева әлем кубогының финалына шықты.