Қазақстан АҚШ-тың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тәжірибесін зерттеуде

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат – Құрамына Президент Әкімшілігінің, Индустрия және сауда министрлігінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өкілдері кірген қазақстандық зерттеуші топ кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық орталықтарының жұмыстарын зерттеу мақсатында кезекті оқу-танысу сапарымен Құрама Штаттарда жүр.
None
None
Бұл шараны «Даму» қоры, Қазақстан Елшілігі және Американың сәйкес ведомстволары ұйымдастырды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен. Вашингтонда қазақстандықтарды қарсы алған АҚШ-тың Шағын бизнес жөніндегі әкімшісінің орынбасары Антонио Досс, Қазақстан башылығының шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі қадамдарына жоғары баға беріп өтті. Қазақстандық делегация үшін «Шағын бизнесті дамыту орталықтарының желісін ұйымдастыру және басқару», «Шағын бизнесті дамыту орталықтары желісін қаржылық бақылау», «Шағын бизнесті дамыту орталықтарын аккредитациялау мен қаржыландыру» және т.б. тақырыптар бойынша семинарлар өткізілді. Қазақстан өкілдері сондай-ақ Вашингтонда бірқатар американдық құрылымдарда, оның ішінде Экспорт-импорттық банк пен АҚШ Сауда министрлігі басшылығымен кездесулер өткізді. Қазақстанмен табысты ынтымақтасып отырған «ConocoPhilips», «Halliburton», «Chevron», «FedEx», «Access Industries», «ExxonMobil», «General Electric» және т.б. танымал компаниялар мүше болып табылатын Америка-Қазақстан іскерлік қауымдастығы (USKBA) мүшелерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы да өтті. Қазақстан делегациясының сапары Техас штатында жалғасады.
Соңғы жаңалықтар