Қазақстан әлемде көшбасшы елдердiң бiрiне айналды - Мәдениет және спорт министрi
"Қазақстанның ең ұлық мерекесi, әрине ол - Тәуелсiздiк күні. Бәрiмiзге ортақ мейрам. 23 жылдың iшiнде Қазақстан аяғын нық басқан елге айналып қана қойған жоқ, ол әлемдiк қауымдастықтың көшбасшы мемлекеттерінің бiрiне, ал Астана геосаясаттың орталық нүктесiне айналды. Әлемдiк деңгейдегi көптеген саяси шешiмдер бiздiң елордамызда қабылданады. Бiз осынау құрметке лайықты елмiз. Ең бастысы, бiз болашаққа сенiммен қараймыз. Қазақстанда жастарымыздың бақытты ғұмыр кешуiне барлық жағдайлар жасалуда", - дедi А. Мұхамедиұлы Астанада Рой Джонс және Олег Маскаевпен болған кездесуiнде.
Оның айтуынша, Елбасы спортшыларға үлкен қолдау көрсетiп, елдегi спорттың дамуына барлық жағдайлар жасауға бағаланбас үлес қосуда. "Кеше ғана Қазақстан Президентi елдегi үлкен жетiстiктерге қол жеткiзген спортшыларды марапаттады. Бұл спортқа деген оң көзқарастың белгiсi. Қазақстан әлемде спорт державасына айналды", - деп атап өттi министр.