12:20, 24 Қаңтар 2013 | GMT +5
Қазақстан әлемдегі уран өндірісінің 37 пайызын қамтамасыз етеді
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2012 жылы 20,9 мың тонна уран өндірілді. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша Қазақстан 55,7 мың тоннаны құрайтын бүкіләлемдік уран өндірісінің 37 пайызын қамтамасыз ете отырып, уран өндірісі саласындағы өзінің көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді кәсіпорындардағы қатысу үлесін қоса есептегенде 2012 жылы 11,9 мың тонна уран өндірді, бұл бүкіләлемдік өндірістің 20 пайызынан жоғары. Қазатомөнеркәсіптің келісімшарттар бойынша экспорт көлемі 9,26 мың тонна уран концентратын құрады.