Қазақстан әлемдік алтын өндірушілердің алғашқы 15 елінің қатарына кіреді

nbsp;АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпаат /Расул Бахамов/ - Қазақстан әлемдік алтын өндірушілердің алғашқы 15 елінің қатарына кіреді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақмола облысында алтын өндіру фабрикасын іске қосу рәсімінен кейін өткен жиында мәлім етті.
None
None

Елбасының атап көрсетуінше, жаңа фабрика жылына 15 тоннаға дейін алтын өндіретін болады. Қазақстанның қазірдің өзінде 20 тонна алтын өндіретінін ескерсек, алтынның жылдық өндірісінің жалпы көлем 35 тоннаға жетіп, елімізге әлемнің жетекші өндірушілерінің тобына кіруге мүмкіндік туады.

«Бұл алтын Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Облыс пен қаланың бюджетіне кіріс әкеледі. Жыл сайын өндіріс көлемі артқан сайын, сіздердің жалақыларыңыз да өсетін болады, әлеуметтік нысандар құрылады, тұрғын үйлер салынады, балаларға жағдайлар жасалады және басқа да мәселелер шешімін табады», - деді Мемлекет басшысы зауыт жұмысшыларына қарата айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар