Қазақстан әлемдік аренада өзіндік орны бар ойыншыға айналды - Сенат депутаты
Ал еліміздің және Елбасымыздың халықаралық деңгейдегі беделі уақыт өткен сайын биіктерден көріне түсуде»,-деді бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезінде кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Елбасын ұсыну идеясын қолдауға шақырған Сенат депутаты Қуаныш Сұлтанов.
Депутаттың сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысы жөнінде бүкіл әлем айта бастады. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшыларының басын қосқан Астана Саммиті осының айқын айғағы. Бүгінгі Қазақстанның келбеті, жаңа дәуірі, жарқыраған Астанасы, асқақтаған Алматысы, қайта түлеген облыс орталықтары, сайрап жатқан жолдары, өскен өркені, тәуелсіздік жемісі - Елбасының еңбегі. Сондықтан да Н.Назарбаевтың кандидатурасын «Нұр Отан» партиясының атынан 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына ұсынамын»,-деді сенатор.