Қазақстан әлемдік азық-түлік дағдарысын еңсеруге өз үлесін қосуға әзір ? БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі

None
None
НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Орнықты даму жөніндегі он жетінші сессия аяқталып келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы форум ауыл шаруашылығын, жер пайдалануды дамыту, жердің азып-тозуы мен шөлейттенуі мәселелеріне арналып отыр.Сессияда сөз сөйлеген БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімова Қазақстанның жаһандық азық-түлік дағдарысын еңсеруге өз үлесін қосуға әзір екендігін атап өтті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы кешені тұрақты дамып келеді және ішкі нарықты негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде. 2008 жылы елде 16 миллион тоннадан астам дәнді дақыл жиналды. Өндірістік қуаттар жылына 2 миллионнан астам тонна ұнды экспорттауға мүмкіндік береді. Республика сыртқы нарыққа мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге де әзір. Бірғаным Әйтімова азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша сындарлы шешімдерді іздестіру үшін ынтымақтастық пен күш-жігерді үйлестіріп отыру қажеттігін атап көрсетті. «Қазақстан тағамдардың жаһандық өндірісін және тұтынуын есептеудің жалпы ақпараттық жүйесін және біртұтас ғылыми-зерттеу базасын құруды ұсынады», - деді Елші.
Соңғы жаңалықтар