Қазақстан алтын қоры бойынша дүниежүзілік көшбасшылыққа шыға алады - Елбасы

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстан өз алтын қорының арқасында дүние жүзі бойынша бірінші орынға ие болуы мүмкін, деді бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Васильков» тау-кен байыту комбинатының жұмысшыларының алдында сөйлеген сөзінде.
None
None

Елбасы еліміздің алтын өндіру саласының енді дамып келе жатқанын және осы саланың алдына жетекші мемлекеттердің тобына ену міндеті қойылғандығын айтты.

«Біздің елімізде алтын шығатын жерлер көп. Алайда олар қомақты қаржы салу мен ерен еңбекті күтеді. Біз де осыны жасамақпыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар