11:30, 31 Желтоқсан 2011 | GMT +5
«Қазақстан Алюминий» АҚ жылына 1,7 млн. тонна өнім өндіретін болады
ПАВЛОДАР. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жаңа жылға қарай «Қазақстан Алюминий» АҚ-ның әр қызметкері 70 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды.
«Ұжым тұрақты жұмыс істеді. Біз осы жылы өндірістің қуаттылығын кеңейттік, ендігіде жылына 1,7 млн. тонна өнім өндіретін боламыз», - деп атап өтті акционерлік қоғамның президенті Алмас Ибрагимов.
Мекемені қалпына келтіру жұмыстары өз алдына келісімшартты орындауға көмектесіп, «Қазақстанның электролиздік зауыты» АҚ сияқты өндіріс орнын шикізатпен қамтамасыз етуге септігін тигізді. Аймақтың экспорттық әлеуетін арттырды, сондай-ақ қазақстандық құрамның (қамтымның) артуына да себепші болды.
«Біз рекордық көрсеткіштерге қол жеткіздік. Жабдықтарды жаңартумен қатар автоматты басқару жүйесімен қамтамасыз етілген жаңа нысандарды салдық», - деп атап өтті А. Ибрагимов.