16:52, 15 Қазан 2025 | GMT +5
Қазақстан Армениямен миграция туралы келісімді ратификациялады
АСТАНА.KAZINFORM — Президент Қазақстан Армениямен миграция туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік президенті Витольд Баньканы қабылдады.