Қазақстан армиясының офицері Грузиядағы ЕҚЫҰ миссиясындағы жұмысын аяқтады

АСТАНА.  Шілденің  2-сі. ҚазАқпарат -   Қазақстан армиясының офицері  капитан Олжас   Құсайынов    Грузиядағы ЕҚЫҰ миссиясындағы  жұмысын   аяқтады. Оның іссапарының  мерзімі 10 ай  болды,
None
None

 деп хабарлады ҚазАқпаратқа  ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Өткен   жылдың  тамыз  айында  орын  алған оңтүстікосетиялық  оқиғалар Кавказ  өңіріндегі  жағдайды ушықтырған  болатын.  Осыған орай    Еуропадағы қауіпсіздік  және  ынтымақтастық ұйымының  Венадағы   штаб-пәтерінде   Грузияда ЕҚЫҰ әскери байқаушыларының    миссиясын құру  туралы   шешім қабылданып еді.  ЕҚЫҰ-ға  қатысушы  ел ретінде Қазақстан  Грузияға    алғашқылардың бірі   болып өз  әскери байқаушысын  жіберді.   Әскери байқаушылардың қызметтеріне   байқау   жөніндегі  миссияларды  жоспарлау,  тиісті есептерді      дайындау,     қақтығысушы тараптардың   әскери өкілдерімен     қарым-қатынаста  болу   міндеттері кірді.

2009   жылы  маусымның  30-ында ЕҚЫҰ басшылығының шешімімен    әскери байқаушылар  миссиясы  жабылды.    Олжас Құсайынов   - ЕҚЫҰ-ның Грузиядағы  миссиясында  қызмет еткен  Қазақстанның     әзірге алғашқы  және  жалғыз әскери байқаушысы.

Миссияға   қатысқаны   және  сауатты   қызметі  үшін қазақстандық  офицер   «Біз  Кавказдағы  қауіпсіздік  үшін  қызмет етеміз»   деген ұранмен   шығарылатын  «ЕҚЫҰ-ның  Грузиядағы миссиясы» медалімен    марапатталды.

Соңғы жаңалықтар