Қазақстан арнайы және индустриалды аймақтарды жапон компанияларының басқаруына беруге дайын - Назарбаев

Мемлекет басшысы Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ және 20 индустриалды аймақ жұмыс істейтіндігін атап өтті. АЭА қатысушыларына жеңілдіктер мен рұқсат беру процедураларын оңайлату топтамалар ұсынылса, ал индустриалды аймаққа қатысушыларды мемлекет қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ететіндігін айтты.
«Біз жапондық компанияларға арнайы және индустриалды аймақтарда жобаларын жүзеге асыру үшін алаң ұсынуға дайынбыз. Мұнан бөлек, мұндай аймақтарды жапондық компаниялардың басқаруына беру мүмкіншілігіміз де бар», - деді Назарбаев.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесі алаңында Астана халықаралық қаржы орталығы құрылғандығын, оның Нью-Йорк, Сингапур, Дубай сынды қаржы орталықтарының ең үздік тәжірибесін өзіне сіңіргендігін айтты.
«Бізде ол орталық үшін арнайы заң қабылданған. Ағылшын құқығы қолданылады, іс ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар біздің жетекші қаржы орталықтары ретіндегі Токионың да тәжірибесі қызықтырады», - деді Елбасы.