«Қазақстан аруы» байқауына дайындық қалай өтуде

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан аруы» байқауының ақтық кезеңі өтеді.
Байқауға қатысушылар елордаға Қазақстанның барлық өңірінен 20 қараша күні келіп қойған. Осы уақыттар бойы бойжеткендер белсенді дайындық үстінде - әртүрлі әлеуметтік және қайырымдылық акцияларына қатысуда және әрине де, спорттық дайындықтар мен ажарлары туралы ұмытпауда.
«Қазақстан аруы» байқауының ресми Instagram-аккаунты финалдың басты дайындығы қалай өткендігі туралы видеоны жариялады.
Часть 2. Генеральная репетиция перед финалом "Мисс Казахстан 2016". Уже завтра узнаем имя новой королевы красоты #миссказахстан #миссказахстан20лет #миссказахстан 2016
Еске салайық, байқауға билеттерді сатудан түскен қаражаттың барлығы қайырымдылыққа жұмсалатын болады.
Жеңімпаз ару 5 млн. теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыға, дәстүрлі тәжге ие болады. Сондай-ақ ол «Әлем аруы - 2017» халықаралық байқауында Қазақстан намысын қорғауға аттанады.
Финалдық шоу барысында ұлттық және кешкілік киім үлгілерін көрсетумен қатар, көрермендер назарына қазақ даласының даңқты әйелдері туралы жоба ұсынылатын болады. Байқауға қатысушы қыздар Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Күләш Байсейітова және тағы басқалардың өмірі жайлы айтады.
Іс-шараны тележүргізуші Динара Сәтжан мен талантты опера әншісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Сүндет Байғожин жүргізеді.
Генеральная репетиция перед финалом "Мисс Казахстан 2016". Уже завтра узнаем имя новой королевы красоты. Прямая трансляция на телеканале КТК. Начало в 19:00. #миссказахстан #миссказахстан20лет #миссказахстан 2016
Видеоблог о том, как прошла тренировка в фитнес-центре @lifefitnessastana. Все видеодневники можете посмотреть на нашем канале на YouTube #миссказахстан #миссказахстан2016 #misskazakhstan