Қазақстан әскері қашан толық қазақшаланады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінде әскери оқу орындарында курсанттардың 70 пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатыр. 

әскер
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі ана тілдің жағдайына қатысты сауал қойды. Мәселе әскер және әскери оқу орындарындағы оқулықтардың дені орыс тілінде болып отыр.

— Әскерді қазақшалау басталып кеткен. Бүгінде әскери оқу орындарында 70% қазақ тілінде білім беріледі. Оқулықтарға келсек, әрбір әскери техниканың нұсқаулығы, техникалық мінездемесі қазақ тілінде. 70 пайыздан көтеру жоспарда бар, - деп қысқа қайырды министрдің орынбасары. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қорғаныс министрлігі Кенесары хан, Сағадат Нұрмағамбетов пен Бауыржан Момышұлының соғыс тәсілдерін зерттеп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заңы мен «2024 жылғы 14 ақпандағы БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заңы қабылданды.

Соңғы жаңалықтар