Қазақстан Әскери-теңіз күштері жаңа мина-тартқыш кораблімен толықтырылады

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының айтуынша, корабль базалардың, кемежайлардың, кеме жолдары мен жаға маңының су айдындарын минаға қарсы қорғау үшін арналған. Ол кіріктірілген шағын габаритті навигация және тұрақтандыру жүйесімен, корабльді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету кешенімен, спутниктік навигациялық жүйелерді қабылдау аппаратурасымен, жаһандық теңіз байланысы жүйесінің, радиотрансляция және бақылау аппаратурасымен жабдықталған. Сонымен бірге, кеменің жаппай жою қаруынан қорғау қасиеттері, әмбебап су және магниттік қорғау жүйелері, химияға қарсы желдеткіші мен жарақтандыруда атысты автоматтандырылған басқару жүйесі бар АК-306 штаттық артиллериялық кешені, 12,7 мм оқшашары және тартқыш қару-жарағы бар. Қазіргі уақытта ҚР ҚК ӘТК жарақтандыруында қазіргі заманғы зымыран-артиллериялық корабльдері, шағын күзет кемелері мен катерлері тұр. Аталған мина-тартқыш кораблі осы арсеналды толықтырады, оны іске қосу қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.