Қазақстан әскерінің авиациялық техникасы «Airbus Military» компаниясының С-295 әскери-көлік ұшағымен толығатын болады

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынас толық келісім мен сенім жағдайында дамып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, арадағы барыс-келістің барлық саладағы әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға маңызды көңіл бұдан әрі де бөліне бермек.
ҚР Қорғаныс министрлігі мен Испания арасындағы ынтымақтастық негізінен қорғаныс өнеркәсібі кешені саласында жүргізіліп келеді.
Бүгінде «Indra Sistemas, S.A.» испан компаниясымен тығыз байланыс орнаған. Соның нәтижесінде, қазірдің өзінде «Индра Қазақстан инжиниринг» бірлескен кәсіпорны құрылып, әскери мақсаттағы өнімдер өндіруде.
Екі ел арасындағы болашақ жоспарлар да маңызды басымдыққа ие. Ағымдағы жылы Қазақстан әскерінің авиациялық техникасы «Airbus Military» компаниясының С-295 әскери-көлік ұшағымен толығатын болады.
«Airbus Military» компаниясының өкілдері «KADEX-2012» халықаралық көрмесіне қатысып, өз өнімдері мен ұшу көрсетілімдерін ұсынған болатын.
Кездесу соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі мен Испания Елшісі екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді дамуына сенім білдірді.