Қазақстан Астанада Қытай компаниясымен бірге 10G интернетті сынақтан өткізбекші

АСТАНА. KAZINFORM — Астана әкімдігі Huawei компаниясымен бірге 10G кең жолақты байланыс желісін демонстрациялық сынақтан өткізетін пилоттық жобаны іске асырмақшы.

Қазақстан Астанада Қытай компаниясымен бірге 10G интернетті сынақтан өткізбекші
Фото: freepik

Астанадағы «Орталық Азия — Қытай» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында қол қойылған құжаттардың бірінде осындай мәмле бар.

Жобаның аты — «Huawei 10G кеңжолақты желісін демонстрациялық сынақтан өткізу» пилоттық жобасын жүзеге асыру. Келісімге Астана қаласының әкімдігі мен «Хуавей Текнолоджиз Казахстан» ЖШС қол қойды.

«Kazakh Invest» компаниясының мәліметі бойынша, жоба аясында 50G PON технологиясы негізінде телекоммуникациялық шешімдерді енгізу көзделген.

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ 3000-нан астам ауылды интернетке қосу туралы инвестициялық келісім жасасқан еді. 

Соңғы жаңалықтар