Қазақстан - Астрахань облысының Каспий маңындағы басты әріптестерінің бірі

АСТРАХАНЬ. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан бұрынғыша Астрахань облысының Каспий маңындағы басты әріптестерінің бірі болып қала береді.
None
None

Бұл туралы облыс үкіметіндегі кеңесте мәлім етілді, оның барысында Каспий маңы елдерімен халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп хабарлады ресейлік аймақ әкімшілігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстаннан түсетін тапсырыстар Астрахань облысының кеме құрылысы кәсіпорындарының қызметінде зор рөл атқарады. Аймақтың бірқатар ірі көлік кәсіпорындарының жұмысы Қазақстанмен байланысты. Астраханьдық жоғары оқу орындарында көптеген қазақстандық студенттер білім алуда, Қазақстаннан Астраханьға білікті медициналық көмек алуға келіп тұрады», - деп мәлім етті облыстың салалық министрі Денис Афанасьев.

Атап өтейік, тұтастай алғанда 2012 жылдың қорытындылары бойынша аймақ Каспий маңы саудасының көлемін екі есе арттырып, Астрахань облысы сыртқы сауда айналымының 44 пайызын құрады.

Таяудағы жылдарда Астрахань облысы Каспий маңы мемлекеттерімен перспективадағы әріптестігін жалғастырады береді. Айталық, биылғы жылы Астраханьда Түрікменстанның консульдығын ашу жөнінде шешім қабылданды. Аймақ өкіметі Астраханьда Әзірбайжан консульдығын ашу жөнінде келіссөздер жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар