Қазақстан астығын еліміздің оңтүстігіндегі көршілерге тасымалдауға кететін көлік шығындарын субсидиялауға 10 млрд. теңге бөлінеді - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө. Шөкеев

;АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Биылғы түсімнен түсетін астықты оңтүстіктегі көршілерімізге экспорттауға кететін көлік шығындарын субсидиялау үшін Үкімет резервінен 10 млрд. теңге бөлу жөнінде шешім қабылданды.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев айтты.

«Біздің оңтүстіктегі әріптестерімізге, атап айтқанда, Иранға, Ауғанстанға, Орта Азия Республикаларына және Қытайға астық тасымалдауға кететін көлік шығындарын субсидиялауға Үкімет резервінен 10 млрд. теңге бөлу жөнінде шешім қабылданды. Яғни, экспортталатын астықтың әр тоннасы 40 долларға дейін субсидияланатын болады», деді Ө. Шөкеев.

Осы орайда бірінші вице-премьер Қара теңіз айлақтарына астық тасымалдауға кететін көлік шығындарын дотациялауға 5 млрд. теңге бөлінгенін айта келе, бұл жұмыс өз нәтижесін бергендігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар