Қазақстан атом энергетикасына байланысты қызметтерді жүзеге асыруды жоспарлауда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан соңғы уақытта Жапониямен, Франциямен, Үндістанмен, Қытаймен және Канадамен атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану саласы бойынша тығыз жұмыстар атқарып келеді. Бұндай ынтымақтастықтың негізгі бағдары сол мемлекеттерден жаңа технологиялар тарту болып табылады. Мәселен, алдағы уақытта Қазақстан француз компаниясымен біріге отырып Өскемендегі Үлбі зауытында урандық отын құрандыларын, отын таблеткаларын шығаруды жоспарлайды. Ал жапондықтамен бірігіп зерттеу реакторларын шығару ойда бар. Дегенмен, бұндай жоспарларды жүзеге асыру үшін атом энергетикасын бейбіт пайдалану жөніндегі ынтымақтастық бойынша бірқатар халықаралық конвенцияны ратификациялауы шарт. Өйткені, атом энергетикасы саласындағы бұндай технологияларды бірнеше мақсатта пайдалану, оның ішінде әскери бағытта қолдану мүмкіндігі жоғары болып отыр. Ал конвенцияларды ратификациялаған Қазақстан бейбіт мақсатта пайдалануда бірқатар міндеттемелерді мойнына алады», деді Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов.