Қазақстан «ауған мәселесі» бойынша диалогты одан әрі жалғастырады

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан «ауған мәселесі» бойынша диалогты одан әрі жалғастырады. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

Қазақстан Ауғанстанның мемлекет ретінде қайта дамуына, елдің қайта қалпына келуіне, экономикалық және әлеуметтік күш-қуатын арттыруына айрықша көңiл бөліп отырғанын баса айтқан ол: «Осыған орай 4-5 желтоқсанда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов бастаған ресми делегацияның қатысуымен Боннда Ауғанстан жөнінде ірі Халықаралық конференция өтеді», - деді.

Ресми өкілдің айтуынша, Бонн конференциясы барысында аймақтық мемлекеттердің өкілдері Ауғанстандағы тұрақтылықты орнату жолында бірлескен әрекетерді және бұл мемлекеттің аймақтық экономикалық әрі саяси ынтымақтастыққа қатысу жолдарын талқылап, Ауғанстандағы бейбіт өмірді қалпына келтіру бойынша бірлескен іс-шаралар жолдарын қарастырмақ.

Соңғы жаңалықтар