Қазақстан ауған жастары үшін білім беру бағдарламасын ұзарту мәселесін қарайды

Тараптар экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Бақытжан Сағынтаев кездесу барысында Қазақстан Президент Мохаммад Ашраф Гани мен атқарушы билік басшысы Абдулла Абдулланың басшылығымен Ауғанстанның ұлттық бірлігі үкіметін қолдайтынын атап өтті. Ол елдің жаңа басшылығы ауған халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған толыққанды реформаларды жүзеге асыра алатынына сенімін білдірді.
Кездесуге қатысушылар екіжақты сауданың ұлғайғанын атап өтті (2014 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 336,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда, үштен бір еседен астамға өскен), алайда сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті аяғына толық ашылған жоқ. Сонымен қатар, Дауд Шах Саба Қазақстан ауған тауарларын жеткізуді ұлғайту үшін барлық қажетті шараларды жасайтынына сенімін білдірді.
Екі жақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды тетіктердің бірі - сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-ауғандық үкіметаралық комиссия болып табылады.
Гуманитарлық ықпалдастық туралы айтқан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан ауған жастары үшін білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
2010 жылдан 2020 жылға дейін Ауғанстанның шамамен мыңға тарта азаматтары қазақстандық ЖОО-да білім алмақ. Аталған бағдарламаның жалпы құны 50 млн АҚШ доллары. Алайда ауған тарапының өтінішіне сәйкес, Қазақстанда бағдарламаны ұзарту бойынша мәселе қаралып жатыр.
Бақытжан Сағынтаев кездесу кезінде Қазақстан Ауғанстандағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық күш-жігерді белсенді түрде қолдайтынын және жыл сайын бұл елге гуманитарлық көмек көрсететінін айтты.